«Оқу ақпаратын меңгертуде сандық білім ресурстарын көрнекі құрал ретінде қолдану мүмкіндіктері»
Шебер сынып: «Оқу ақпаратын меңгертуде сандық білім ресурстарын көрнекі құрал ретінде қолдану мүмкіндіктері» №46 кешенде 2018 жылдың желтоқсан айының 29-күні қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жақсыбекова Еркежан Жақсыбекқызы «Оқу ақпаратын меңгертуде сандық білім ресурстарын көрнекі құрал ретінде қолдану мүмкіндіктері» атты шебер-сынып өткізді. Бұл жұмыста ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдаланудың жолдары туралы айтты. Жұмыстың маңызы – қазақ тілі сабақтарында сандық білім ресурстарын қолдана отырып, білімді тәжірибелік тұрғыда өмірмен байланыстырып меңгерту. Еркежан Жақсыбекқызы қазақ тілі пәні сабақтарында білім беру ресурстарын қалай тиімді ұйымдастыруға болады деген сұраққа жауап берді. Мектептегі технологияларды теледидар бағдарламалары, сандық теледидар, ғаламтор, ұялы телефон, ұтқыр қондырғылар, компьютер/ноутбуктар, сілтемелер мен сайттар, білім беретін қорлар т.б. қамтитынын айтып өтті. Бұл ретте elibrary.kaznu.kz, e-history.kz, bilimland.kz сайтттарын пайдалануға кеңес берді. Сонымен қатар Kahoot.it сервисінде викториналық және дидактикалық ойындар, тест жұмыстарын қалай құрастыруға болатынын түсіндірді. Мұғалімдермен аталған сервисте жұмыс жасап көрсетті. |
Комментариев нет
Просмотров: 350