Биыл ҰБТ-ны қандай өзгерістер күтіп тұр?
Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов 2019 жылы өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеудің назар аударарлық бес пунктін атады. Бұл туралы вице-министр Фейсбуктегі парақшасында жазды.
Асхат Аймағамбетовтың жазуынша, ең біріншісі және маңыздысы - ҰБТ форматы бұрынғыша қалады, яғни ешқандай өзгеріс болмайды. Тапсырылатын пәндердің саны бұрынғыдай - бесеу, тесттік тапсырмалардың саны - 120, максималды балл - 140. Абитуриенттің дәстүрлі түрде 3 негізгі пәннен білімі тексеріледі. Олар: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы. Қалған екі пән таңдаған мамандық бойынша болады.
Толығырақ: https://egemen.kz/article/180172-bilim-zhane-ghylym-vitse-ministri-askhat-aymaghambetov-ubt-turaly-manhyzdy-bes-aqparatty-atady
МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ!