Меню KDT

Жалпы мектепішілік «Шаттық шеңберін» ұйымдастыру (Күн шуақтарын сыйлап, тілек айту)

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігін  өткізу іс-шаралар жоспары бойынша Оқушыларға «Өзін-өзі тану» пәні арқылы рухани-адамгершілік тәрбие мен білім беру, ”Адамгершілік” құндылығы туралы түсініктерін кеңейтіп, адам бойындағы адамгершілік сезімін, сүйіспеншілікті танып, оны құрмет тұтуға баулу. Сүйіспеншілікке,сезімталдыққа, нәзіктілікке тәрбиелеу мақсатында жалпы мектепішілік «Шаттық шеңберін» ұйымдастыру (Күн шуақтарын сыйлап, тілек айту)


Жалпы мектепішілік «Шаттық шеңберін» ұйымдастыру (Күн шуақтарын сыйлап, тілек айту)

«Жан жүрек сыры».
Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар. Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз қазір оған жан беруіміз керек. Қатысушыларға түрлі-түсті қағаздардан жасалған кішкентай жүректер таратылып, оған жылы, мейірімді сөздер жазулары сұралды. Жансыз жүректі жандандыру. Плакаттан үлкен жүректі қиып алып, сол жүрекке жылы-жылы сөздер жазылған кішкентай жүректерді орналастыру. Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, жүрегіміз жанданды ма? Қайтіп? Неліктен?
Ең бастысы сүйе білу керек. Қайырымды болу-ол еліне, табиғатқа, адам баласына деген махаббаттан басталады. Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға бейім болу. Әр уақытта қасыңыздағы баланың пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Ерік беріңіз. Шыдамды бола біліңіз. Оның ісін бағалаңыз. Жасаған қателігін көре тұра, оған сенетініңізді білдіріңіз. Күлімдеп, қасында бірге болуға көңіл бөліңіз.

Талдау: Балалардың пікірлерімен бөлісу.

Оқушылар  сабақ соңында өздерінің жүрек түпкіріндегі сезімдеріне  ризашылықтарын білдіреді.
Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынадай сөйлемдер айтады:
-
Менің қайрымды  жүрегіме рақмет!
-Менің мейрімді жүрегіме рақмет!
-Менің жылы жүрегіме рақмет!
-Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рақмет!
-Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рақмет!
-Менің жүрегімнің  қуана білетініне рақмет!
-Менің жүрегімнің жанашырлығына рақмет!

Қорытынды: балаларға әр түрлі смайликтер ұсынылады, балалар сол смайликтерден тренингтен қандай  әсер, көңіл-күйлері қандай болды сондай смайлик  таңдап алып,  конақтарға көрсетеді

 


Комментариев нет
Просмотров: 490
Автор: b0515skobilim
Сайт: www.b0515.sko-bilim.kz
Добавлено: 12.02.2019 в 17:14