Меню KDT

№85 мектеп-лицейінің Ұланбасын сайлау


№85 мектеп-лицейде «Ұланбасы» сайлауы жасырын дауыс беру арқылы жалпыға ортақ, бірдей және тікелей сайлау құқығын негізге ала отырып өткізілді.

«Ұланбасы» сайлауына 6 үміткер түсті. Үміткерлер 7 – 10 сынып оқушылары:

Болат Мұрагер Нұрланұлы10 «Ә», Сарқытбай Ерсұлтан 7 «А», Карабатырова Камиля 8 «Б», Смаилова Раушан 8 «А», Темирханов Жангир 10 «Б», Сулейменов Жахан 10 «Б». Сайлауалды ақпараттық насихат жұмысы келесі бағыттарда іске асырылды:

  • көпшілікке арналған сайлауалды шаралар өткізу арқылы (сайлауалды жиналыстар, көпшілік алдында сайлауалды пікірталастар ұйымдастыру);
  • ақпараттық материалдар басып шығару және тарату арқылы.
  • үміткерлер өзінің болашақ бағдарламаларымен таныстырды.

 «Ұланбасы» сайлауы мектепшілік оқу үрдістен тыс ақпан  айының үшінші аптасында өткізілді. Сайлауға 6 – 11 сынып оқушылары және мектеп ұстаздары дауыс берді. Дауыстарды есептеу нәтижесі сайлау комиссиясымен тексерілді.

Болат Мұрагер – 107 дауыс, Сарқытбай Ерсұлтан  - 75 дауыс, Карабатырова Камиля - 37 дауыс  , Смаилова Раушан – 52 , Темирханов Жангир - 69 , Сулейменов Жахан – 256  дауыс жинады.

Ең көп дауыс жинаған үміткер Сулейменов Жахан «Ұланбасы» болып сайланды.

1 2
3             4
5  6

Теги:  sailau

Комментариев нет
Просмотров: 409
Автор: 85mektep
Сайт: www.85.astana-bilim.kz
Добавлено: 21.02.2019 в 09:51