Меню KDT

Ауғанстан – жүректегі жара

   Дауқара орта мектебінде 4.02-15.02 аралығында   Әскерлерді Ауғанстаннан шығарудың 30 жылдығына арналған іс-шаралар өтті.


   Дауқара орта мектебінде 4.02-15.02 аралығында   Әскерлерді Ауғанстаннан шығарудың 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары құрылып, аталып өтті. «Ауғанның от кешкендері» тақырыбында кітапханада   көрме ұйымдастырылды. Сынып жетекшілер сынып сағатын өткізді. Аға тәлімгер  Тоқышева 5-7сыныптар Д.А. «Ауғанстан – жүректегі жара» тақырыбында  тәрбие сағатын өткізді. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі  Абдушева А.Б. «Мен болашақ Отан қорғаушысымын!» атты суреттер байқауын өткізді. Музыка пәнінің мұғалімі Жанысова Т.Қ. 5-11сыныптар арасында «Ешкім де ұмытылған жоқ, ештеңе де ұмыт қалған жоқ» патриоттық әндер байқауын өткізді. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Садвакасов А.Ж. 8-11 сыныптар арасында «Ер есімі-ел есінде»  тақырыбында  тәрбие сағатын өткізді. Ауған соғысының ардагері, Дауқара ауылының тұрғыны Казбеков Еламан Қашқынбайұлы туралы әскер қатарындағы фотосуреттер көрсетіліп,  өмірбаянымен таныстырылды.


Комментариев нет
Просмотров: 312
Автор: b019skobilim
Сайт: www.b019.sko-bilim.kz
Добавлено: 16.02.2019 в 17:23