"Ауғанстан- жүректегі жара" көрме ұйымдастырылды.
"Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару" күнінің 30 жылдығына арналған "Ауғанстан- жүректегі жара" атты тақырыбы бойынша көрме ұйымдастырылды.
Была организована выставка посвященная 30-ти летию со дня "Вывода Советских войск из Афганистана"
"Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару" күнінің 30 жылдығына арналған "Ауғанстан- жүректегі жара" атты тақырыбы бойынша көрме ұйымдастырылды. Ауғанстан соғысы тарихына қысқаша мәлімет:
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған 22 мың қазақстандық қатысты. Ауғанстан соғысы (1979 -1989 ж.) Кеңес үкіметінің Қарулы күштері үшін, соның ішінде қазақстандық жауынгерлер үшін КОКП ОК Саяси бюросының Ю.Андропов, Д.Устинов, А.Громыко, Л.Брежнев сияқты санаулы ғана мүшелерінің аяқ астынан құпия түрде қабылдаған шұғыл шешімінен басталды.