Меню KDT

Сыйынар ем Ана деген тәңірге

Дауқара орта мектебінде 8-наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары құрылып бекітілді. Жоспарға сәйкес сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді.


   Дауқара орта мектебінде 8-наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары құрылып бекітілді. Жоспарға сәйкес сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді. Кітапханада  «Егемен Қазақстанның үздік әйелдері» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. 4-наурыз күні «Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі» тақырыбында  мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері «Менің өмірімдегі Ана»  тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастырды. 8 сынып оқушыларының жауапкершілігімен, сынып  жетекшісі Алтаева И.М. «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты мерекелік концерт өтті. Мереке соғында оқушылар аналарына жасаған сыйлықтарын табыс етті. Іс-шараларға барлық оқушылар толық қамтылды.


Комментариев нет
Просмотров: 376
Автор: b019skobilim
Сайт: www.b019.sko-bilim.kz
Добавлено: 09.03.2019 в 10:47