Меню KDT

«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»


Тақырыбы: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» (5-6 сынып)

Мақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу, әділ шешім айтуға, бірлікке ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Міндеттері: - Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.

- Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.

— Дидактикалық, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа баулу.

Түрі: Жарыс сабақ

Әдістері:Сұрақ –жауап, сұхбаттасу, түсіндіру, көрнекілік, демонстрация

Өткізілу формасы: Топпен жұмыс

Көрнекілігі: Презентация, нақыл сөздер

Сайыска қызыға тұрып үш топ қатысты, жарыса тұрып есеп шығарып, ой-өрістерін дамытып

нәтижеге жеттік деуге болады. Сайыстың қорытындысын шығарып, сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын атап өттік. Оқушылар грамотамен марапатталды.

Математика-толған тәртіп, мағына мен мән

Математика-толған тамаша заңдылық пен сән

Математика-толып жатқан терең сыр

Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір-дей отыра сайысымызды аяқтадық. Жауаптылары: Шахметова Ш.Х; Шайсултанова А.М; Нурпеисова Г.Н


Комментариев нет
Просмотров: 410
Автор: b126skobilim
Сайт: www.b126.sko-bilim.kz
Добавлено: 15.04.2019 в 20:36