“NCIT робот және авиация” халықаралық көрмесі өтті
№ 85 мектеп-лицейі Қазақстандағы мемлекеттік мектептердің арасында ең алғаш STEM білім беру жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Аталмыш оқу орнына АҚШ-тан келген NCIT білім беру орталығының мамандары NCITSTEM білім беру жүйесін таныстырып, роботтар мен авиация жөнінде кеңінен мәлімет берді.Көрменің мақсаты STEM білім беру жүйесін Қазақстан мектептеріне енгізу. Негізі бағдарламаны оқыту балабақшадан басталады. Біздің мектеп алдағы уақытта мамандармен бірлесіп 1-ші сыныптан бастап осы жүйеге көшуді жоспарлап отыр. NCIT компаниясы кабинеттерді жабдықтаудан бастап, мұғалімдерге дейін оқытады. Өздерінің арнайы 1-10 сынып аралығында оқытатын STEM бағдарламасы бар. Қазақстандық балалардың технологиялық білімін жетілдіріп, бәсекеге қабілетті ету өте маңызды. 




















