Меню KDT

ҰБТ-ға кіретін балаларды тексеру жылдам және дұрыс өтуі керек – Мәмин




20 маусымда грантқа ие болғысы келетіндер үшін тестілеу басталады.

Қазақстанның премьер-министрі алда келе жатқан бірыңғай ұлттық тестілеуге байланысты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

ҰБТ-да балаларды тексеру мейлінше жылдам және дұрыс формада өтуі тиіс, деді Асқар Мәмин үкімет отырысында.

- 20 маусымда грантқа ие болғысы келетіндер үшін тестілеу басталады. ҰБТ-ға толық дайындық қамтамасыз етілсін. Министрліктің мақсаты тестілеу өтетін барлық орындардың жұмысын үйлестіру. ІІМ, Денсаулық сақтау министрлігі мен ҰҚК ҰБТ қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шаралардың барлығын қолға алсын. ҰБТ-да балаларды тексеру мейлінше жылдам және дұрыс формада өтуі тиіс, - деп тапсырды Мәмин.

Бұған дейін ҚМ БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов биыл ҰБТ маусымның 20-сы мен 30-ы аралығында 169 жерде өтетінін мәлім еткен. Тестілеуге 117 242 адам қатысады деп күтілуде.


Комментариев нет
Просмотров: 392
Автор: b0923skobilim
Сайт: ruzaevkaschool-sko.edu.kz
Добавлено: 18.06.2019 в 13:56