Меню KDT

«Кітапты өзің оқыда, басқаға бер!»

«Оқырман мектеп» жобасы бойынша «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханасында «Буккроссинг» акциясы аясында «Кітапты өзің оқыда, басқаға бер!» атты көрме ұйымдастырылды.
Жалпы кітап – біздің асып таспайтын асыл досымыз. Технология атауы қанша дамып жатыр десек те қай заманда болмасын кітаптың орны биік тұрары сөзсіз. Алайда, қазіргі кезде кітапхана мен кітап дүкендеріне баратын жандардың азайып бара жатқандығы өкінішті.
Біріне уақыт, екіншісіне қалтамыздың көтере бермейтіндігі сылтау. Ал бұл екі сылтауға да кедергі бола алатын шара «кітап сыйлау» немесе «кітап алмастыру» акциясы яғни «Буккроссинг» сіздерге көмектесе алады.
«Буккроссинг» қазақшаға аударғанда «кітап сыйлау» немесе «кітаптың айналыста жүруі» деген мағынаны білдіреді. Үйлеріңіздегі оқып болған кітапты алып келіп орнына оқымаған кітаптарыңызды алуларыңызға болады. Буккроссингті алғаш ойлап тапқан ғалым Рон Хорнбекер. Ол 2001 жылы көпшілік жүретін жерде мынандай жазуы бар кітапты қалдырып кеткен екен: «Бұл жоғалып кеткен кітап емес, оның бұрынғы иесін мына сайтқа кіріп біле аласыз. Кітапты оқып болған соң оны әрі қарай саяхаттауға жіберуіңізге болады». Жазылған хат пен кітап адамдарға қызықты болған соң, сайтқа кірушілер саны артып, оқырмандар саны көбейген.
Мақсаты: оқушыларды кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Комментариев нет
Просмотров: 196
Автор: b0915skobilim
Сайт: nksh3-sko.edu.kz
Добавлено: 01.03.2021 в 14:41