Меню KDT

«Дәстүр мен ғұрып»

Өзектілігі. 
Ұлттық бірегейлікті сақтауда қанымызға сіңіп, тұрмысымызға айналған салт-дәстүрдің маңызы жоғары. Рухани құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, сабақтасуы мәңгілік ел болудың негізгі өзегі. Сондықтан, ұлттық бірегейлікті сақтау жолында дәстүр мен ғұрпымызды, ұлттық асханамыз бен тағамдарымызды жүйелі жаңғырту керек.
Әсіресе, ақпарат пен сан түрлі мәдениет тоғысқан жаһандану заманында ұлттық код пен рухты бекем ұстайтын салт-дәстүр мен әдет ғұрып. Осы ретте, «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасын енгізіп, рухани мұрамызды түгендеп, жаңғыртып, озығын саралаудың өзектілігі жоғары. 
Қазақ салт-дәстүр, әдет ғұрыпқа, ұлттық ас мәзіріне бай халық және әрбір ұлттық дәстүрдің тәрбиелік мәні мен маңызы терең. Ұлтымыздың салтдәстүрлері ұрпақты өнеге мен білімге, елжандылыққа, ізгілікке, бауырмалдық пен өнегеге шақыруымен құнды.
Сондықтан, арнайы жоба аясында қазақ халқының дәстүрлері мен әдет- ғұрыптарын кеңінен дәріптеп, ұмыт болғанын жаңғыртып, заман көшіне сай ұлықтап, өскелең ұрпақты сол арқылы тәрбиелеу жолға қойылу керек. Сондайақ, ұлттық тағамдарымыздың құндылығын арттырудың да өзектілігі жоғары. 


мақсаты көнеріп, қолданыс аясы тарылған дәстүр мен ғұрыптан бас тартып, ұмыт болғанын жаңғыртып, тәрбиелік және адамгершілік құндылығы жоғары салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды заманға сай түрлендіру. Және, қазақтың ұлттық асханасының ерекшелігі мен құндылықтарын кеңінен дәріптеу.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
1. Ұлттық рухты, патриотизмді, тәлім-тәрбиені дәріптейтін қазақтың салт-дәстүрлерін жаңғырту;
2. Жалпыхалықтық рухани құндылықтарды күшейту;
3. Халықты салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты сақтаудың маңыздылығымен ақпараттандырып, ұлттық құндылықтарға деген сезімді арттыру;
4. Жас ұрпаққа ұлттық құндылықтармен қазақ асханасының пайдасын дәріптеу. 
Арнайы жобаның мақсатты аудиториясы (халық санаты).  Қазақстан халқы, жалпы білім беру мектептерінің оқушылары, ЖОО студенттері, экономикалық белсенді топ (оқырмандар, тыңдармандар, қызметкерлер т.б.)
Стратегиялық серіктестер:
Арнайы жобаның аясында жергілікті атқарушы органдар мен білім беру мекемелері, мәдениет ошақтары, БАҚ, ҚҚ-тар, ҮЕҰ-дар, кәсіпкерлер мен тұлғалық даму орталықтары өзара серіктестік құрады. 


Комментариев нет
Просмотров: 258
Автор: b1224skobilim
Сайт: www.b1224.sko-bilim.kz
Добавлено: 26.03.2021 в 10:12