Меню KDT

«Еңбек – елдің мұраты»

Өзектілігі. COVID-19 індетінің таралуын тежеу мақсатында әлемнің көптеген елдерінде ұзақ мерзімдік карантиндік шаралар енгізілді. Бұл адам мен қоғам тіршілігінің барлық саласына теріс ықпал етті. Мамандардың пікірінше, коронавирус әлеуметтің көптеген саладағы қалыпты дағдысын айтарлықтай өзгертеді. Бұл өзгерістердің экономика саласындағы салдары: 
 ескі, бәсекеге қабілетсіз өндіріс пен технологияны жаңасы алмастырады, бұл адамдардан өз дағдылары мен біліктіліктерін арттыруды немесе қайта мамандануды талап етеді; 
 ұзақ уақытқа ұзартылған карантин мерзімінде практиканың жоқтығына байланысты кейбір қызметкерлердің тәжірибесі мен шеберлігі төмендейді, бұл біліктілікті арттыру мен білімді жаңартуды өзектендіреді; 
 әлеуметтік бағыттағы мемлекеттерде үкімет карантиннен зардап шеккен азаматтарға жәрдемақылар төледі, мұндай саясатты сынаушылар «тікұшақпен ақша шашу» қоғамдағы масылдық көңіл-күйдің өсуіне алып келеді деп ойлайды.
Осы мәселелер еңбекке деген сүйіспеншілікті дәріптеу қажеттілігін көрсетеді. Үздіксіз білім беруге және өзін-өзі дамытуға шақыру карантиннен кейінгі кезеңдегі мемлекеттік идеологиялық саясаттың бір бөлігі болуы тиіс.
Осыған байланысты, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 10 шілдедегі «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласының негізгі тұжырымдамалары мен идеяларын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мазмұнына енгізу өзекті. 


Арнайы жобаның мақсаты: қажырлы еңбектің арқасында табысқа жеткен адамдардың тәжірибесін, еңбекқорлық құндылықтарды, ұдайы өзін-өзі жетілдіру идеясын жаю арқылы еңбекке сүйіспеншілікті насихаттау. 
Арнайы жобаның міндеттері:
 «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мазмұнын Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының тұжырымдамалары және идеяларымен толықтыру;
 қажырлы еңбектің арқасында өмірде табысқа жеткен адамдарды жастарға рөлдік модель ретінде ұсыну;
 кәсіби бағдар бойынша жұмысты күшейту және үздіксіз білім алуға, үнемі өзін-өзі жетілдіруге шақыру;
 қоғамдағы әлеуметтік инфантилизмді төмендету.
Арнайы жобаның мақсатты аудиториясы: Қазақстан халқы.
Арнайы жобаны іске асыру тетіктері:
 Итермелеу теориясының құралдарын қолдану (Nudge Theory). Мысалы, қоғамдық орындарда еңбек туралы мақал-мәтелдер мен баннерлерді орналастыру.  
 «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласының идеяларын 2021 жылға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізу.
 Ұзақ жыл бір салада еңбек еткен әулеттерді танымал ету:
1. еңбек әулеттерінің қатысуымен телебағдарламалар, подкасттар ұйымдастыру;
2. қоғамдық орындарда еңбек әулеттері туралы фотосессиялар ұйымдастыру;
3. отбасы тарихы туралы әңгімелейтін әлеуметтік желілерде челлендждер ұйымдастыру.
 «Мен профимін» жұмысшы мамандықтарының конкурсын өткізу.
 Өндіріс кезінде кәсіптік бағдарлау алаңдарын ұйымдастыру (экскурсия, кездесулер, ашық есік күндері). 


Комментариев нет
Просмотров: 270
Автор: b1224skobilim
Сайт: www.b1224.sko-bilim.kz
Добавлено: 26.03.2021 в 10:16