Меню KDT

«Құқықтық мәдениет»

Өзектілігі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қағидаттарының бірі бәсекеге қабілеттілік болып табылады және осы қағидатты толыққанды енгізу үшін халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мен сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу қажет. Құқықтық сауаттылықтың жеткіліксіз деңгейі азаматтардың құқықтарының бұзылуына әкеп соғады, ал жазасыздық сезімі тәртіпсіздікке және заңнаманың бұзылуына және өзге де заңсыз әрекеттерге әкеп соғады. Осыған байланысты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде кешенді жұмыс жүргізу қажет, бұл - бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру жөніндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қағидаттарының бірін іске асыруға жәрдемдесетін болады.


Жобаның мақсаты Қазақстан халқының құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
 Құқықтық білім беру негіздерін танымал ету бойынша кең ақпараттық науқан өткізу.
 Еңбек ұжымдарында құқықтың түрлі аспектілері бойынша оқыту дәрістерін ұйымдастыру және өткізу.
 Құқық бұзылған жағдайда қабылдануы қажет іс-әрекеттер бойынша халықпен мастер-класс ұйымдастыру және өткізу.
 Құқықтық мәселелер бойынша өңірлерде семинарлар ұйымдастыру және өткізу.
 Халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жобаларды іске асыруға ҮЕҰ өкілдерін тарту.
 Құқықтың түрлі салалары бойынша білім беру және тәжірибелікбағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу.

Арнайы жобаның мақсатты аудиториясы (халық санаты). Қазақстан Республикасының халқы: жастар, оқушылар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық, мұғалімдер, оқытушылар, жұмыспен қамту орталықтарының клиенттері және т. б.

Стратегиялық серіктестер/ зәкірлік ұйымдар. Арнайы жоба шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың ҮЕҰ-мен және қоғамдық бірлестіктермен, жұмыспен қамту орталықтарымен және өзге де білім беру мекемелерімен ынтымақтастыққа мүдделі білім беру ұйымдарымен әріптестігі негізінде жүзеге асырылады.


Комментариев нет
Просмотров: 271
Автор: b1224skobilim
Сайт: www.b1224.sko-bilim.kz
Добавлено: 26.03.2021 в 10:23