Меню KDT

Бүгін мектебімізде алғашқы қоңырау соғылып, 1-сыныпқа арналған салтанатты жиын өтті.

2021 жылдың 1 қыркүйегі мектебімізде 1 сынып оқушыларына «Білім күніне» арналған алғашқы қоңырау өтті. Салтанатты жиында алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Елеубаева Қарлығаш Калимжановнаға берілді. 

  


Бүгін мектеп табалдырығын аттағандарға көптен күткен «Әліппе» мен «Букварь» табысталды. Бұл игі дәстүр. Ол оқулықтар бойынша оқушылар тек оқып, жазып қана қоймай,қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін танып-білетін болады. «Жаңа «Әліппе» ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде
әзірленді. Биыл мектебіміздегі 1 cыныптар саны-  7.
Барша оқушыларды, ата-аналарды және ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!




Комментариев нет
Просмотров: 474
Автор: 3mektep
Сайт: www.3.astana-bilim.kz
Добавлено: 01.09.2021 в 21:34