Интеллектуальная игра "Тіл-ұлттың жаны"
Бүгін, яғни 13 қыркүйек күні , мектебімізде Тілдер мерекесі аясында мектебіміздің 7-ші сыныптар арасында «Тіл-ұлттың жаны» атты зияткерлік сайысы өтті. Сайысқа сынып оқушыларының барлығы белсенділік танытып қатысты. Әсіресе, 7 "Г" сынып оқушылары Васильченко Ева, Щукина Кристина,Туиков Артем белсенділік танытты.Ойын-сайыс 5 турдан құрылды. Оқушылардың жас ерекшелігі ескеріліп,сұрақтардың барлығы өтілген тақырыптар бойынша құрастырылды. Ойын соңында топтардың балдары есептеліп,ең көп балл жинаған «Білімділер» тобы жеңімпаз атанды.
Фото
Комментариев нет
Просмотров: 471