Меню KDT

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!
БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫҢ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫ, СОНДАЙ-АҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ ЕКЕНДІКТЕРІҢІЗДІ ЕСКЕ САЛАМЫЗ!


📢ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!
💬 БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫҢ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫ, СОНДАЙ-АҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ ЕКЕНДІКТЕРІҢІЗДІ ЕСКЕ САЛАМЫЗ!
🟢АТА-АНА МІНДЕТТІ:
✅Баласының тәрбиесімен айналысуға;
✅Баласының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына қамқорлық жасауға;
✅Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар, заңды өкілдер балалардың дене бітімі мен психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ.
✅Балаларды тәрбиелеу тәсілдері адамның қадір-қасиетін қорлайтын немқұрайлылықты, қатыгездікті, дөрекілікті болғызбауға тиіс.
✅Өз баласының құқығын бұзатын ата-аналар мен заңды өкілдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.
🟢ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 127 бабына сәйкес – ата-аналардың немесе кәмелетке толмағандардың өзге де заңды өкілдерінің бала күтімі жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
🟢Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 141 бабына сәйкес балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
📢Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!
🟢Балалардың дені сау болуы үшін күнделікті өмірде оның тұрмыстық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірқатар ережелері мен шарттарын есте сақтау қажет:
✅балаңыздың бойындағы жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастырыңыз;
✅ өмірінсақтауға көмектесетін маңызды ережелерді түсіндіріп, балаңызбен жеке әңгімелесу өткізіңіз;
✅Есте сақтаңыз! Кешке және түнде (жергілікті уақыт бойынша сағат 23.00-ден 6.00-ге дейін) балаларға көшеде ересектердің қарауынсыз болуға заң жүзінде тыйым салынады;
✅баланың қайда және кіммен бірге жүргенін екенін үнемі біліп, балалардың тұратын жерін бақылаңыз;
✅бейтаныс адамдармен сөйлесуге рұқсат бермеңіз. Егер балаға «біреу» оған зиян тигізгісі келсе, «жоқ» деп айтуға толық құқығы бар екенін түсіндіріңіз
✅балаңыздың қатысуымен қандай жағдай орын алса да, сіз оқиға туралы білуіңіз керек екеніне сендіріңіз. Ешқандай жағдайда оған ашуланбаңыз. Жақын адамдардан жасыруға болмайтын жағдайлар бар екенін түсіндіріңіз;
❗Есте сақтаңыз! 18 жасқа толмаған балаларға автокөлік жүргізуге тыйым салынады;
✅балалар жол жүру ережелерін, теміржолдар арқылы өту ережелерін сақтауы, газ және электр құрылғыларымен абай болуы қажет.
📌Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау — үлкендер қауымының басты міндеті.
Возможно, это изображение (один или несколько человек и текст)


Комментариев нет
Просмотров: 330
Автор: b089skobilim
Сайт: www.b089.sko-bilim.kz
Добавлено: 15.09.2021 в 09:50