Меню KDT

«Ғылыми жоба: жазылу тәртібі мен ресімделуі» тақырыбында облыстық семинар


2021 жылғы қыркүйектің он жетісі СҚО білім басқармасының «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Ғылыми жоба: жазылу тәртібі мен ресімделуі» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар барысында «Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ауғанбаева Зухра Нұрмолдақызы «Оқушыларды ғылыми жоба байқауына сапалы дайындаудың өзіндік ерекшеліктері мен жолдары» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Кейін ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңінде Зухра Нұрмолдақызының жүлделі І орын алған оқушысы Мықтыбай Елнара «Төлеген Айбергенов поэзиясындағы метафора-автометафоралық қолданыс ерекшеліктері» тақырыбындағы ғылыми жоба жұмысын қорғады. Семинар нәтижелі өтті және берілген ақыл-кеңестер ұстаздар қауымы мен оқушыларға өз септігін тигізеді деген ойдамыз.
 


Комментариев нет
Просмотров: 174
Автор: b1436skobilim
Сайт: www.b1436.sko-bilim.kz
Добавлено: 17.09.2021 в 09:31