Меню KDT

27 желтоқсан күні 1 сынып оқушылары «Қош бол, сүйікті Әліппе!» атты ертеңгілігін өткізді.

27 желтоқсан күні 1 сынып оқушылары «Қош бол, сүйікті Әліппе!» атты ертеңгілігін өткізді.


Мақсаты: 1. Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу. 2. Ата-аналарға баланың 4 айда қандай білім игергенін іс-жүзінде көрсету. 3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға ана - тілін сүйіп қастерлеуге тәбиелеу. Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн – «Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы - «Әліппемен қоштасу». Білім жолдағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Енді қазір осы жарты жыл ішінде оқып үйренген білімдерін тамашалаңыздар. Сонымен «Қош бол, сүйікті Әліппем!» ертеңгілігін бастауға рұхсат етіңіздер!-деп ертеңгілікті бастады. Ертеңгілік барысында оқушылар 4 айда не үйренгендерін көрсетті. Олар оқи да, жаза да алады, есепте шығара алатындықтарын көрсетті. Ертеңгілікке қатысқан ұстаздар мен ата-аналар ұстаздарына ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.



Комментариев нет
Просмотров: 26
Автор: b0529skobilim
Сайт: www.b0529.sko-bilim.kz
Добавлено: 27.12.2021 в 21:54