Меню KDT

«Балбөбек» шағын орталығының тәрбиешісі З.С.Даулбаева тәрбиеленушілермен тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының тақырыбы: «Рәміздерім-мақтанышым»

«Балбөбек» шағын орталығының тәрбиешісі З.С.Даулбаева тәрбиеленушілермен тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының тақырыбы: «Рәміздерім-мақтанышым»


Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Барысы: 1. Кіріспе сөз. Батырлықтың уызына жарыған, Ер түркіні байрағынан таныған Өзі ақын, өзі әнші халықта, Кім айта алар болмаған деп Әнұран. Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру-тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар, Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер-жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған. 2. Балалардың тақпақтары мен әндері айтылды, слайд көрсете отырып, түсіндірді. 3. Қорытынды: -Өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр Қазақстанды құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кеңімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер-азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл-қыздар молая берсін!-деп тәрбие сағатын қорытындылады.


Комментариев нет
Просмотров: 24
Автор: b0529skobilim
Сайт: www.b0529.sko-bilim.kz
Добавлено: 17.11.2021 в 22:04