Меню KDT

«Балбөбек» шағын орталығының тәрбиешісі З.С.Даулбаева тәрбиеленушілермен тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының тақырыбы: «Топтағы балалардың қарым-қатынасы»

«Балбөбек» шағын орталығының тәрбиешісі З.С.Даулбаева тәрбиеленушілермен тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының тақырыбы: «Топтағы балалардың қарым-қатынасы»


Мақсаты: Топтағы балалардың қарым-қатынасын жақсарту, бауырмашылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу Барысы: Қазақ халқы атам заманнан бері ұрпақ тәрбиесіне аса үлкен мән берген. Қыз бен ұлдың тапқыр, дарынды, қабілетті де ақылды болуымен қатар жақсы Адам болып шығуын ата-ананың басты міндеті деп санаған. Ұлды – шаңырақ иесі, ата-ана мен бауырдың асыраушысы, елдің қамын жейтін, оның жоғын жоқтайтын азамат, ал қызды – отбасы ұйытқысы, ер азаматтың сенімді серігі етіп тәрбиелеуді мұрат еткен. Ұлдың да, қыздың да кішіпейіл, көпшіл, мейірімді, қамқор да қайырымды, еңбекқор болып өсуіне ел болып ат салысқан. Қарым- қатынас мәдениеті дегеніміз-адамдардың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табуды айтамыз.


Комментариев нет
Просмотров: 41
Автор: b0529skobilim
Сайт: www.b0529.sko-bilim.kz
Добавлено: 10.02.2022 в 22:10