Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың тілдік құзыреттілігін мәтінмен жұмыс арқылы арттыру
2022 жылдың 14 сәуір күні «Шамшырақ» қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің облыстық қауымдастығының кезекті отырысы өтті.

2022 жылдың 14 сәуір күні «Шамшырақ» қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің облыстық қауымдастығының кезекті отырысы «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың тілдік құзыреттілігін мәтінмен жұмыс арқылы арттыру» тақырыбында өтті. Қауымдастық отырысында облысымыздың білікті мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Отырысқа 50- ден астам педагог қатысты.

Мұғалімдер күнделікті сабақта оқушылармен атқарылып жатқан жұмыстарында қолданылып жатқан мәтінмен жұмыста қолданылатын оқытудың белсенді әдістері жайлы сөз қозғады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың түпкі мақсаты – төрт тілдік дағды түрлері арқылы оқушыларға қазақ тілін меңгерту, сыни ойлау, шығармашылық қабілеттерін және оқу сауаттылығын арттыру, үлкен өмірге тәрбиелеу – әр ұстаздың алдында тұрған міндет.
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 14.04.2022 в 17:53