Меню KDT

Сафуан Шаймерденовтің 100 жылдық

    2022 жылдың 15 сәуірінде Сафуан Шаймерденовтің 100 жылдық мерейтойына арналған облыстық әдеби танымдық іс-шара өтті.


✅ 2022 жылдың 15 сәуірінде Қазақ әдебиетінің классигі ҚР Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлық иегері, СҚО құрметті азаматы Сафуан Шаймерденовтің 100 жылдық мерейтойына арналған облыстық әдеби танымдық іс-шара С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия шаңырағында аталып өтті.
🔹 Аталған іс-шараға СҚО әкімінің орынбасары, облыстық білім бөлімінің басшысы, Сафуан Шаймерденовтің туыстары, құрметті қонақтар, қалалық классикалық гимназия мұғалімдері, БАҚ өкілдері қатысты.
🔹 Іс-шара екі бөлімді қамтыды.
🔹 Бірінші бөлімде гимназия алаңында Сафуан Шаймерденовтің мемориалдық тақтасына СҚО әкімінің орынбасары Ғ.С. Нығыметовтың қатысуымен гүл шоғын қойылып, «Сафуан Шаймерденов мұрасы – ұрпаққа өнеге» атты дөңгелек үстелмен жалғастырылды. Дөңгелек үстелде СҚО әкімінің орынбасары мен шақырылған қонақтар сөз сөйлейді.
🔹 Екінші бөлімде қонақтарға арналған «Ұлт мақтаны – Ұлы есім рухына тағызым» атты әдеби-музыкалық қойылым ұйымдастырылды. Әдеби-музыкалық қойылым гимназия оқушылары мен мұғалімдер ұйымдастырған әдеби қойылым, жазушы шығармаларынан көркем сөз және арнау оқу, ән-күй шашуы болды.


Комментариев нет
Просмотров: 780
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito.edu.kz
Добавлено: 15.04.2022 в 18:25