Ағымды жылдың 19 сәуірінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған Халықаралық «ШАМШЫРАҚ» интернет-олимпиадасын ұйымдастырып өткізді.

Ағымды жылдың 19 сәуірінде «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ және «Педагогикалық шеберлік академиясы: XXI ғасыр дағдылары» Халықаралық әдістемелік орталығы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған Халықаралық «ШАМШЫРАҚ» интернет-олимпиадасын ұйымдастырып өткізді.

Аталған іс-шара пән мұғалімдері үшін алғашқы рет ұйымдастырылғанымен олимпиадаға жалпы 744 қазақ тілі мен әдебиеті ұстаздары қатысты. Олар Ресей мен Өзбекстан мемлекеттерінен, сонымен қоса еліміз Қазақстанның (Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары) түкпір –түкпірінен көптеген әріптестер қатысып жүлделі орындарға ие болды.