
Акт залының ашылуына арналған салтанатты кеш
Акт залының ашылуына арналған салтанатты кеш
15 сәуір М. Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінің акт залының ашылуына арналған салтанатты кеш өтті. Салтанатты ашылуға қонақтар : М. Жұмабаев атындағы Жоғары колледж директоры Жанділдин Ерлік Борисұлы, «Лорд» лицейінің директоры Жаканова Гулжан Шамильевна, полиция подполковнигі Сеитова Айгуль Жылкельдиевна шақырылды.
Салтанатты кешке оқушылар мен мұғалімдер сыйлаған жылы атмосферадан жақсы әсер алып, жылы лебіз, пікірлерін қалдырған, оқушылардың ата-аналары шақырылды.
Іс-шара басында «Есімі ел есінде » облыстық байқауында Гран приге ие болған видео көрсетілді.
Сценарийде біздің мектебіміздің 2021-2022 оқу жылының жетістіктері аталып көрсетілді.
IT-мектеп-лицейіміз жетістіктер қоржынын жүлделі орындармен толтыру дәстүрін жалғастыруда. Ағымдағы оқу жылында Рябчинский Ярослав, Ануфриева Ангелина, Томилова Варвара, Каримова Аида ғылыми жобалар байқауында республикалық кезеңінің жүлдегерлері атанды.
Томилова Варвара «Менің Отаныма-менің бастамам» атты ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңіне дайындық үстінде. Пәндік олимпиаданың республикалық кезеңінде Қазақстан тарихы пәнінен Коспанова Салтанат алдағы уақытта бағын сынамақ.