Меню KDT

«Ертегілер әлемінде»


      Балаларға арналған  ертегілерінің тақырыбы—туысқандық, бауырмалдық, мейірімділік туған еліне жеріне деген адалдық,жақсылыққа жақсылық, жануарларға деген аяушылық.   Ертегілердің мазмұны және мәтіні жағынан тартымды, тілі орамды. Осы орайда мектебіміздің бастауыш буынында мектепалды даярлық сыныптары мен 1- сыныптар арасында сахналық көріністер сайысы болып өтті. Әр сыныптан сүйікті ертегілері таңдалып, көрерменге сахналық көрініс ретінде көрсете білді. Оқушылардың актерлік шеберлігі, сөйлеу мәнері, ертегі мазмұнын жеткізе білуі көрермендердің көңілінен шығып, сайысты көріктендіре түсті. Сахналық сайыста «Хан мен құмырсқа», «Мақта қыз бен мысық», «Қарға мен түлкі», «Жолбарыс пен қоян», «Бауырсақ», «Алма», «Ит пен мысық адамға қалай үйренді?», «Шалқан» ертегілері қойылды.

   Сайыс соңында қатысушыларға номинациялар бойынша марапаттар берілді. 



Комментариев нет
Просмотров: 453
Автор: b1436skobilim
Сайт: www.b1436.sko-bilim.kz
Добавлено: 23.04.2022 в 11:52