
Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың 120 жылдығына орай сахналық қойылым
27 сәуір күні №9 орта мектепте ұлы жазушымыз Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың 120 жылдығына орай қалалық мектептер арасында өткізілетін «Әдеби мұра» қалалық байқауына арналған сахналық қойылым өтті.
Осы сахналық қойылымға мектеп ұжымынан, өзге ұлт өкілдерінен он төрт мұғалім «Қыз Жібек» драмасының кейіпкерлерін сомдады. Сахнада орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, дене шынықтыру, бастауыш сынып мұғалімдері мен тәрбиешілер өнер көрсетті. Қойылымды қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері дайындады.
Әділқазылар алқасы тіл тазалығын, сахнада өзін-өзі ұстау мәнерін, киім кию үлгісін және сахнаның декарациясы мен безендірілуін атап өтті.
Жібек, Бекежан және Жібектің әкесін сомдаған мұғалімдердің өнері бәрін тәнті етіп, қойылым көрермендердің көңілінен шықты.

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)


.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

Комментариев нет
Просмотров: 465