Меню KDT

Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің және спорттық ойындардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау


М.Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің және спорттық ойындардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арналып  «Кемел ұрпақ кілті-білімде» атты марапаттау рәсімі өткізілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге директордың міндетін атқарушы Б.Н.Канафина құттықтау тілегін білдіріп, лицей оқушылары атынан ән, би, өлең жолдары арналып орындалды. Биылғы жарияланған «Балалар жылында» лицей шаңырағы толағай жетістектерге толы жыл болды. Алдағы уақытта, биік белестерді бағындыру дәстүрі жалғасын демекпіз. Барлық жүлдегерлерді дайындаған ұстаздарымызға алғысымызды білдіреміз. Мықты денсаулық пен шығармашылық табыс тілей отыра, әр оқу жылы әрдайым жемісті болсын деген тілек жолдарын жолдаймыз!   


  





Комментариев нет
Просмотров: 410
Автор: b1436skobilim
Сайт: www.b1436.sko-bilim.kz
Добавлено: 03.05.2022 в 12:54