Меню KDT

Хабарландыру

Хабарландыру


Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы облыстың білім беру ұйымдарында оқитын балалардың ата-аналарын, заңды өкілдерін оқу жылының аяқталуына байланысты ата-аналардың білім беру ұйымдарының директорлары мен мұғалімдеріне сыйлықтар беру мүмкіндігі туралы хабарлайды. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 676-бабына сәйкес заңсыз материалдық сыйақы мен сыйлықтар беру екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондай-ақ, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 677-бабына сәйкес білім беру ұйымдарының директорлары мен мұғалімдерінің заңсыз материалдық сыйақы мен сыйлықтар алуы алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу мақсатында балалардың ата-аналары мен заңды өкілдерінен білім беру ұйымдарының директорлары мен мұғалімдеріне сыйлықтар мен өзге де материалдық сыйақы беруден бас тартуды сұраймыз.


Комментариев нет
Просмотров: 68
Автор: b0529skobilim
Сайт: www.b0529.sko-bilim.kz
Добавлено: 05.05.2022 в 10:15