
«Батырлар, Ерлік, Жеңіс!» оқу сайысының байқауы
06 мамыр күні М.Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінде Жеңіс күніне орай «Батырлар, Ерлік, Жеңіс!» оқу сайысының байқауы өткізілді. Байқауға 5-10 сынып оқушылары қатысты.Байқау қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілінде өткізілді.Әр сыныптан 1 оқушы ат салысты.
Байқаудың негізгі мақсаты – азаматтықты, ұлтжандылықты жауапкершілікті, жауынгерлік ерлікті дәріптеп, құрметтеуге Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз туралы естелікті сақтауға тәрбиелеу;
Міндеттері:
- шығармашылықты қолдау және дамыту;
- эстетикалық талғамды, оқу құзыреттілігін, актерлік және риторикалық шеберлікті көркем сөзге қызығушылықтарын арттыру және дамыту;
- дарынды оқушыларды айқындау және мадақтау; оқуды насихаттау және оқырман ой-өрісін кеңейту.
Байқау қорытындыларын қазылар алқасы шығарды. Жеңімпаздарға I, II, III дәрежедегі дипломдар берілді.
https://drive.google.com/file/d/1vAnkKyAewVyBwWwbo7DuYyxTX4auXluh/view?usp=sharing