Оқуға құштар мектеп – заман талабы
2022 жылы 12-14 маусым күндері Щучинск қаласында «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының базасында «Оқуға құштар мектеп – заман талабы» атты республикалық семинар өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында кітап оқу арқылы əлемге деген қызығушылық мектеп қабырғасынан қалыптасуы тиіс екенін тілге тиек еткен болатын. Бұл тапсырманы орындау мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы енгізілді. Аталмыш жоба Қазақстанның барлық өңірінің мектептерінде де қарқын алуда. Қазіргі таңда елімізде оқушы жастардың кітап оқымайтыны туралы жиі айтылатыны жасырын емес. Олар қызығып оқитын кітаптарды көптеп шығарып, алыс ауылдардағы мектептерге таратудың маңызы зор. Осы орайда «Оқуға құштар мектеп» жобасының атқарып жатқан жұмыстары орасан зор. Семинар аясынды жас ұрпақты кітап оқуға тарту, рухани тәрбие беруге ықпал ететін көптеген мәселелердің шешімін табуға және кітапхана саласының мамандарына қосымша білім мен тәрбие беру жұмыстарына ізденіспен еңбек етеуге бағыт- барғдарлар берді.

Танымның бар тамашасы кітапта. Сондықтан мектеп кітапханаларының кітап қорын жаңалап, толықтыру аса маңызды. Осы орайда қолға алынған «Оқуға құштар мектеп» жобасы өзінің оң нәтижесін беруде.

Оқырман белсенділігін қалыптастыру үдерісі мектепте заманауи тиімді технологиялар мен оқыту әдістері қолданылған жағдайда тиімді болатыны жөнінде бірқатар мәселелер жолға қойылғаны туралы да айтылды. Мектеп оқушысының кітап оқу іс – әрекетін дамыту Қазақстандағы білімді жаңғыртуда басым бағыттардың бірі болып табылады. Ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретіндегі оқылым іс-әрекетіне балаларды және жастарды тарту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасының үлесі маңызды болмақ. Кітап оқу - білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын. Міне, осындай республикалық деңгейдегі семинарлардың өтіп тұруы біздерге үлкен көмек.
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 15.06.2022 в 17:52