Меню KDT

Республикалық Абай оқулары

     Ағымды жылдың 14-17 тамыз күндері аралығында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында ХХІІІ республикалық Абай оқулары өтті.


✅ Ағымды жылдың 14-17 тамыз күндері аралығында Семей қаласы, Абай ауданында «Абай және Шәкәрім» мемориалды кешенінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында ХХІІІ республикалық Абай оқулары өтті. Аталмыш байқауда облысымыздың намысын қорғауға 6 оқушымыз қатысты.
🔹Абай және Шәкәрім оқуларының республикалық кезеңінің нәтижесі бойынша жүзден жүйрік жүлдегер атанған оқушыларымыз:
🥉3 дәрежелі дипломмен - «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясында Боғдат Бекзат - «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» КММ, 10 сынып оқушысы.
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жарқын Жұпархан;
🥉3 дәрежелі дипломмен - «Көңілім әнді ұғады» номинациясында Аракелова Ангелина «М.Айтхожин атындағы №1 орта мектеп» КММ, 9 сынып оқушысы.
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абилева Манар Серікпайқызы марапатталды.
👏Сонымен қатар барлық қатысушыларымыз сертификтар мен естелік сыйлықтарға ие болды. Жеңістеріңіз құтты болсын! Талапты да, шығармашыл оқушыларымыз биіктерден көріне берсін!


Комментариев нет
Просмотров: 601
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito.edu.kz
Добавлено: 17.08.2022 в 17:52