
Ахмет Байтурсынов и неделя языков
«Қазақша сөйлейміз!»
«Қазақша сөйлейміз!»
Бүгін, қыркүйек айының 8-ші жұлдызында, №22 мектеп-гимназиямызда
Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы құрметіне және
«Қазақстан халықтарының тілдері күніне» орай 4-сыныптар арасында «Қазақша сөйлейміз!»
атты танымдық тәрбие сағатын ұйымдастырып өткізген қазақ тілі пәнінің мұғалімдері –
Әли Гүлзипа Орынбекқызы мен Нұртазаева Базаргүл Ахметсадыққызы.


Тәрбие сағаты барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының қандай тарихи тұлға
болғанын танып, қазақ тілінің дамуына қосқан зор үлесінен хабардар болды.


Сондай-ақ, Ұлт ұстазының өмір жолымен, шығармаларымен таныса отырып,
өлеңдерін де жатқа мәнерлеп оқып берді.


Оқушылар бір-біріне қазақ тілінде сұрақтар қойып, үйренген
ақпараттарына сай жауап беріп, қазақша сөйлесті.
Нәтижесінде тәрбие сағаты қойылған мақсатына жетіп, қызықты өтті.

Комментариев нет
Просмотров: 285