Меню KDT

Мекткпке жол акциясы


Биылғы 2022-2023 оқу жылында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы Ақтүйесай орта мектебінде жалғасуда. Акция барысында мектеп жасындағы барлық балаларды білім беру ұйымдарында оқумен қамту, әсіресе аз қамтылған, толық емес, көпбалалы отбасынан шыққан оқушылардың мектепке баруын қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек көрсету мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылды. Көмек кажет оқушылардың тізімдері жасалынды. Осы тізім бойынша 7 оқушы анықталды. Мектепке кажетті киімдер: рюкзак, кроссовки, спорттық киім, туфли, кофта, футболка және оқу құралдарын әперуге мектеп ұстаздары, Ақтүйесай ауылдық округінің әкімдігі көмектесті. Жалпы көрсетілген көмектің құны 103 мың теңге. Сонымен қатар биыл балалар жылында «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан 26 оқушыға 37389 теңгеден материалдық\қаржылық көмек көрсетілді.
Әлеуметтік себептерге байланысты мектепке келмейтін оқушылар жоқ. Оқушылар жылдағыдай ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік жағдайларына қарай 24 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылады.

 
 
 
 
 


Комментариев нет
Просмотров: 172
Автор: b125skobilim
Сайт: www.b125.sko-bilim.kz
Добавлено: 27.08.2022 в 12:33