
2023 жылғы 1-2 қараша күндері Астана қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты және Назарбаев Университетінің ұйымдастыруымен Республикалық балалар оқулары байқауының қорытынды шарасы өтті.

Республикалық кезеңге еліміздің барлық аймағынан іріктелген 63 оқушы қатысты. Солардың ішінде Солтүстік Қазақстан облысынан шәкірттеріміз де белсене қатысып, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Алғыс хатымен марапатталды. Атап айтсақ: Мамлют ауданы, “Бексейіт орта мектебі” КММ 8-сынып оқушысы Сапарғалиева Даяна, Ақжар ауданы,
“Май орта мектебі” КММ 9-сынып оқушысы Лұқман Айнара, “Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектеп” КММ 10-сынып оқушысы Куркенова Жанель.
Шара барысында Қазақстандық қоғамдық даму институты әзірлеген балаларға арналған Tanym мобильді қосымшасы таныстырылды. Сондай-ақ қатысушылар Назарбаев Университетіне және ҚР Ұлттық музейіне экскурсия жасады, медиа және ақпараттық сауаттылық туралы дәріске қатысты.
Комментариев нет
Просмотров: 458