Меню KDT

Мектеп формасы туралы мәлімет.

АТА -АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА! 
📌 Мектеп формасы туралы мәлімет.
2023-2024 оқу жылында Шу ауданы білім бөлімінің "Домалақ ене атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп формасы жайлы ақпарат:
✅«Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы 
№ 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 534 бұйрығының негізінде  мектеп оқытудың зайырлы сипатына сәйкес 1-11-сынып оқушыларының формасы төмендегідей:
✅1)Ұлдардың формасы: қою-көк түсті (темно-синий) пиджак, жилет, шалбар, күнделікті ақ жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, ), Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы керек.
✅2) Қыздардың мектеп формасы:  қою-көк түсті (темно—синий) пиджак, жилет,  қара-көк түсті  белдемше (юбка, ұзындығы тізеден төмен болу керек), классикалық ақ жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы керек /тек қысқы уақытта/
 ✅Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен,  спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.
✅10-сынып оқушыларына арналған әскери-парадты форма ақ жейде мен қара түсті шалбардан,галстук пен береттен тұрады.
✅Мектеп формасына түрлі ❌діни аксесурлар, джинсы , слакси шалбарлар, тениска, футболка, қысқа , тор , кожа юбкалар қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. 
Мектеп әкімшілігі.


.

Теги:  Мектеп формасы

Комментариев нет
Просмотров: 218
Автор: domalakeneshu
Сайт: domalak-ene.shu-bilim.kdt.kz
Добавлено: 01.08.2023 в 17:14