Меню KDT

ҚР рәміздері туралы "Рәміздер-Тәуелсіздік белгісі" тақырыбында аға тәлімгер Қ.Сқағалиева "Жас Ұлан" ұйымы мүшелерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Домалақ ене атындағы орта мектебінде ҚР рәміздері туралы "Рәміздер-Тәуелсіздік белгісі" тақырыбында аға тәлімгер Қ.Сқағалиева "Жас Ұлан" ұйымы мүшелерімен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін нығайту, оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз пікірлерін жеткізе білуге дағдыландыру. Дөңгелек үстелде оқушылар жақсы ат салысып, өз ойларын ортаға салды. Н.Назарбаев атамыз айтқандай "Мемлекеттік рәміздер- бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді"- деген нақыл сөзбен дөңгелек үстелді қорытындылады.


.

Теги:  Рәміздер-Тәуелсіздік белгісі

Комментариев нет
Просмотров: 212
Автор: domalakeneshu
Сайт: domalak-ene.shu-bilim.kdt.kz
Добавлено: 02.02.2021 в 17:53