Меню KDT

Домалақ ене атындағы орта мектебінде жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Домалақ ене атындағы орта мектебінде жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мектеп оқушыларының жетістіктерімен шығармашылығы туралы айтып өтті. Әр ата-ана өзінің баласын тәрбиелей отырып, өзінің қоғам алдындағы, жауапкершілігін еш уақытта ұмытпауы тиіс. Егер ата-ана баласын саналы, адамгершілігі мол, рухани жағынан жетілген, еңбекқор етіп тәрбиелесе онда еліміздің болашағы жарқын деп айта алар едік.
Сондықтан үйде ата-ана, мектепте ұстаз бала жүрегінен жол табатындай тәрбиелік мәні зор еңбек етсе, тәрбие өз орнын табар еді. Оқу тәрбие іс-шараларына белсене қатысқан оқушыларның ата-аналарын алғыс хатпен марапатталды.


.

Теги:  ата-аналар жиналысы

Комментариев нет
Просмотров: 236
Автор: domalakeneshu
Сайт: domalak-ene.shu-bilim.kdt.kz
Добавлено: 20.02.2020 в 18:01