Меню KDT

2024 жылғы 21-22 мамыр аралығында Астана қаласында жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының республикалық кезеңі өтті.


🔰2024 жылғы 21-22 мамыр аралығында Астана қаласында жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының республикалық кезеңі өтті.
🔖«Жарқын болашақ» олимпиадасының мақсаты: оқушылардың қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, салт-дәстүріне, тарихына және мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, қазақ халқының тарихын үйреніп, білуге ынталандыру, тұлғаның өзін-өзі дамытуына және өзіндік қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау болып табылады.
📍Біздің облыстың намысын қорғауға 8 оқушы барды. «Әнші бұлбұлдар» номинациясында 🥈ІІ орын - Баскенова Дана Петропавл қаласының «С.Сәдуақасұлы атындағы №2 орта мектеп» КММ 8 сынып оқушысы, 🥉ІІІ – орын Есмұратұлы Ілияс «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешені» КММ 8 сынып оқушысы, «Білгірлер бәйгесі» номинациясы бойынша 🥈ІІ – орын Батыр Төлеген Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернаты» КММ 7 сынып оқушысы жүлделі орындарға иеленді.


Комментариев нет
Просмотров: 331
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito.edu.kz
Добавлено: 23.05.2024 в 12:28