Меню KDT

Іс қағаздарын жүргізу, кадрлық құжаттарды рәсімдеудің мәселелеріне қатысты біліктілік арттыру семинары

2021 ж. 12 наурызда Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Іс қағаздарын жүргізу, мәдениет және өнер мекемелеріндегі кадрлық құжаттарды рәсімдеудің мәселелері» тақырыбында бір күндік біліктілік арттыру семинары өткізілді.


Семинарға басқармаға қарасты мәдениет, архив мекемелерінің басшылары, кадр мамандары қатынасты.

Семинарда Атырау облысы мемлекеттік архивінің Ведомстволық архивтерді қалыптастыру және бақылау бөлімінің басшысы Нұржанова Райхан Құсайынқызы «Істер номенклатурасын бекіту, қызмет бабында пайдалану және арнайы журналдарды жүргізу. Қызметкерлердің жеке істерін жүргізу тәртібі» тақырыбында дәріс беріп, бөлімнің архивисі Жетпісбаева Жанат Нұғымашқызы істерді түптеуді практика жүзінде көрсетті.


Комментариев нет
Просмотров: 20
Автор: orazali.haldybek
Сайт: oblarchive.atyrau.gov.kz
Добавлено: 14.06.2024 в 20:16