Меню KDT

Жолың болсын, жас түлек

Бүгін, 14 маусымда Домалақ ене атындағы орта мектебінде”Жолың болсын, жас түлек” атты негізгі орта және жалпы орта білімді аяқтаған білім алушыларға арналған аттестат тапсыру салтанатты жиыны өтті.
Биылғы жыл қуанышты жыл араға 43жыл салып "Алтын белгі" иегері Өсербай Нұрдәулетті ерекше атап өткім келеді. Сондай-ақ үздік аттестат иегерлері Сейсехан Салима, Байхожа Аяжан, Сарсенбай Арина, Маралбек Ақниет, негізгі орта мектепті үздік аяқтаған Санақбай Нұрай, Сейсехан Нұрлыгүл, Еркінбек Ділназ мектеп мақтаныштары. Мектеп түлектеріне салтанатты түрде аттестат табыстап, алдағы өмір жолдарының жарқын, сәтті болуын, ақ жол тілеп, қуанышпен шығарып салдық. Ата-аналарға шексіз алғыс білдіре отырып " Алғыс хатпен" марапаттадық.
Сынып жетекшілері, ата аналары да өздерінің ізгі тілектерін білдірді.
Қымбатты мектеп түлектері сәт сапар, ақ жол! Арман-мақсаттар орындалу үшін мектеп қабырғасында алған білімдеріңізді жетілдіріп, еліміздің мықты азаматы болыңыздар!
Жаңа өмірге басқан қадамдарыңыз құтты болсын!


.

Теги:  Жолың болсын, жас түлек

Комментариев нет
Просмотров: 43
Автор: domalakeneshu
Сайт: domalak-ene.shu-bilim.kdt.kz
Добавлено: 14.06.2024 в 10:46