Меню KDT

"Креативті жастар" тобының ұйымдастыруымен "Сабақ сапасын арттыру-жасанды интеллект құралдары" тақырыбында коучинг-сессия өтті. "

Білім саласына жасанды интеллект технологияларының озық үлгілерін білімге сауатты енгізу оқытудың тиімділігін қамтамасыз етеді. Мектебімізде директордың әдістеме ісі-жөніндегі орынбасары К.Кудайгулова жетекшілік еткен "Креативті жастар" тобының ұйымдастыруымен "Сабақ сапасын арттыру-жасанды интеллект құралдары" тақырыбында коучинг-сессия өтті. "Жас келсе -іске" дегендей, мектебіміздің жас мамандары педагог қызметкерлерге қазіргі таңдағы жасанды интеллект платформаларын тиімді қолдану мен жұмыс жасау жолдарын түсіндірді.
Жүргізілген жұмыстың мақсаты: Педагог мамандарға ЖИ платформаларын қолдануды үйрету арқылы кәсіби дамуын жүзеге асыру, оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары мен білім сапаны арттыру.
Мухажанова А. "ROQED AI" платформасында 3D бейнелерді көріп, тақырыпқа сәйкес ойындар ойнатып, тапсырмалар орындатуға болатынын; "Talkingco.de" платформада видео түсіріп немесе дайын видеоны жүктеп алуды; Нұрғали Н. "Google.kz" сайтында "Формы" платформасында тест құрастыруды көрсетті. Тұрғанбек Н.өз таныстыруында "Stopwatch" кездейсоқ таңдау, SlidesMania интернетсіз қолданылатын ойындарды жүктеп алатын және Emaze.com презентация жасауды түсіндірді.Елемес Н. бастауыш сынып оқушылардың қызығушылығын арттыратын "Umaigra" платформаның тиімділігі туралы айтып өтсе, Булантаева А. "Power point" документпен ойын жасауды көрсете білді. Фарходинова З. "Сергіту сәттерін" өткізіп, оқушылардың зейіннін дамытуға болатын ойындарды мұғалімдермен ойнатты.Мектеп директор бастаған педагогикалық ұжым өткізілген іс-шарадан көптеген мәлімет алып, кәсіби дамып, кері байланыстарын берді.


.


Комментариев нет
Просмотров: 80
Автор: domalakeneshu
Сайт: domalak-ene.shu-bilim.kdt.kz
Добавлено: 03.02.2025 в 18:31