«Көңілді жазға – жарқын қадам!»
«Көңілді жазға – жарқын қадам!»
Мектебіміз жанындағы «Көңілді жаз – 2026» жазғы лагері өз жұмысын салтанатты түрде бастады!
Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізу мақсатында ұйымдастырылған лагерьдің ашылу салтанаты көтеріңкі көңіл-күймен өтті. Ашылу барысында оқушыларға мерекелік бағдарлама ұсынылып, қызықты ойындар, би, ән және көңілді сайыстар ұйымдастырылды.
Жазғы лагерь – бұл жаңа достар, қызықты сәттер, көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас естеліктер мекені. Алда балаларды танымдық, спорттық, шығармашылық және ойын-сауыққа толы ерекше күндер күтуде! 
«Көңілді жазға – жарқын қадам!» атты лагерь маусымы барша бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй, жақсы демалыс және жарқын әсер сыйласын!
,
Комментариев нет
Просмотров: 8