«Жылдам жауап»
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) математика пәнінен «Жылдам жауап» ойыны өткізілді.
Ойын барысында оқушылар қарапайым математикалық амалдарды жылдам орындап, өздерінің есептеу шапшаңдығы мен зейіндерін сынады. Қатысушылар берілген тапсырмаларды тез әрі дұрыс орындауға тырысып, белсенділік танытты. Тартысты өткен ойын оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттырып, ойлау жылдамдығын дамытуға ықпал етті.
Іс-шараны математика пәнінің мұғалімі Тілеуқұл Н. ұйымдастырып, өткізді.
.
Комментариев нет
Просмотров: 24