БІРЫҢҒАЙ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС – ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР!
БІРЫҢҒАЙ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС – ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР!
2026 жылғы 18 тамыз күні М.Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында «Білім беру жүйесінің стратегиялық дамуы: конституциялық құндылықтар, жасанды интеллект және адами капитал» тақырыбында Бірыңғай әдістемелік кеңес өтті.
Кеңес барысында 2026–2027 оқу жылындағы білім беру жүйесінің негізгі басымдықтары талқыланды. Атап айтқанда:
🔹 Конституциялық құндылықтарды білім беру үдерісінде жүзеге асыру;
🔹 «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын дәріптеу;
🔹 «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыру;
🔹 білім алушылардың функционалдық және оқу сауаттылығын арттыру;
🔹 цифрлық трансформация және білім беру үдерісінде жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану;
🔹 педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және әдістемелік бірлестіктердің жұмысын жетілдіру мәселелері қарастырылды.
Жаңа оқу жылына – жаңа мақсаттар, жаңа идеялар және жаңа жетістіктер! ВИДЕО