2026–2027 оқу жылына арналған әдістемелік бірлестіктер отырысы.
2026–2027 оқу жылындағы мемлекеттік басымдықтарды іске асыру мақсатында мектебімізде әдістемелік бірлестіктердің практикалық бөлім отырысы өткізілді. Отырыста мемлекеттік білім беру саясатын іске асыру, Конституция құндылықтарын дәріптеу, «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттарын оқу-тәрбие процесіне кіріктіру, білім сапасын арттыру және педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мәселелері қаралды. Әдістемелік бірлестіктерге жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарларын мемлекеттік басымдықтарға сәйкес өзектендіру, пән мазмұнына құндылықтарды кіріктіру, тиімді педагогикалық тәжірибелерді тарату және атқарылған жұмыстарға жүйелі мониторинг жүргізу міндеттері белгіленді. Сонымен қатар, функционалдық және оқу сауаттылығын дамыту, жасанды интеллект пен цифрлық білім беру технологияларын тиімді әрі қауіпсіз қолдану бағыттарына басымдық берілді. ВИДЕО
Комментариев нет
Просмотров: 4