Меню KDT

⚜️ Қазақ тілі – білім мен ғылымның, ұлттық құндылық пен болашақтың тілі!


⚜️ Қазақ тілі – білім мен ғылымның, ұлттық құндылық пен болашақтың тілі!
Бүгін Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – ғылым мен білімнің тұғыры» атты республикалық тілшілер форумы өтті.
Іс- шара мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін оқыту сапасын арттыру, педагогтер тәжірибесімен бөлісу және заманауи технологияларды тиімді қолдану мақсатында ұйымдастырылды.
Форумға облысымыздың мектепке дейінгі ұйымдары, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 200 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қатысты.
Үйымдастырған көрмеде қазақ тілі пәнінің педагогтері жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, мемлекеттік тілді оқытудың жаңа тәсілдерін ұсынып, қазақ тілін дамытуға бағытталған тың жобаларымен таныстырды.
Іс-шара жұмысы мұғалімдердің секциялық отырыстарымен жалғасты. Секция барысында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, мемлекеттік тілді оқытудың тиімді әдістері мен заманауи тәсілдерін талқылады.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оны сапалы меңгерту және білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізу – баршамызға ортақ міндет.


Комментариев нет
Просмотров: 16
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito-sko-bilim.edu.kz
Добавлено: 10.09.2026 в 11:08