Мамлют санаторлық мектеп-интернаты» КММ-де Мамлют ауданының Бас имамы Қанжегітов Рамазан Шериханұлының бастамасымен, жергілікті кәсіпкерлер — «Аян» және «Ярмарка» дүкендерінің қолдауымен қайырымдылық акциясы жалғасуда.
## Жақсылық – жүректерді біріктіретін ізгі іс
«Мамлют санаторлық мектеп-интернаты» КММ-де Мамлют ауданының Бас имамы Қанжегітов Рамазан Шериханұлының бастамасымен, жергілікті кәсіпкерлер — «Аян» және «Ярмарка» дүкендерінің қолдауымен қайырымдылық акциясы жалғасуда.
Ұйымдастырушылардың жанашырлығы мен жомарттығының арқасында мектеп оқушыларына қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл – білім алып жатқан балалар үшін ерекше маңызға ие қамқорлық пен мейірімнің жарқын көрінісі. Осындай игі бастамалар балаларға қажетті сыйлықтар ғана емес, сонымен қатар жан жылуы, қолдау және айналасында кең жүректі жандардың бар екенін сезіндіреді.
«Мамлют санаторлық мектеп-интернаты» КММ әкімшілігі мен ұжымы Мамлют ауданының Бас имамы Рамазан ағаға, сондай-ақ «Аян» және «Ярмарка» дүкендерінің басшылығы мен ұжымына көрсеткен қайырымдылық көмегі, жанашырлығы және белсенді азаматтық ұстанымы үшін шынайы алғысын білдіреді.
Ізгі істеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын, ал мейірімділік пен өзара қолдау балаларымыздың игілігі жолында әрдайым жалғасын таба берсін!
В санаторной школе-интернат продолжается добрая благотворительная акция, организованная под руководством Бас имама Мамлютского района Канжегитова Рамазана Шериханұлы совместно с местными предпринимателями — магазинами «Аян» и «Ярмарка».
Благодаря неравнодушию и щедрости организаторов учащиеся школы получили благотворительную помощь и искреннее внимание, которые особенно важны для детей, находящихся на обучении в школе . Такие инициативы дарят ребятам не только необходимые подарки, но и чувство заботы, поддержки и уверенности в том, что рядом есть люди с большим сердцем.
Администрация и коллектив КГУ «Мамлютская санаторная школа-интернат» выражают искреннюю благодарность Бас имаму Рамазан аға Мамлютского района, а также руководству и коллективу магазинов «Аян» и «Ярмарка» за оказанную благотворительную помощь, отзывчивость и активную гражданскую позицию.
Пусть ваши добрые дела возвращаются к вам многократно, а милосердие и взаимопомощь продолжают объединять людей во благо наших детей.




Комментариев нет
Просмотров: 22