ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗІ
М.Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында «Заң және тәртіп» бағыты аясында 9–11 сынып оқушыларына арналған құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу өткізілді.
🎯 Кездесудің негізгі мақсаты – оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау және жасөспірімдердің жауапкершілігін қалыптастыру.
Іс-шараға:
-КММ Балалардың құқықтарын қорғау орталығының заңгері Бургегулова Гульнара Тургунбаевна;
-полиция капитаны Ахметов Бақытжан Нұрбайұлы;
-психолог Яковлев Илья Александрович;
-Астана қаласы Полиция департаменті ӘПБ ПБ Сарыарқа ауданы УПИ ЮПБ ООБ СРУП қызметкері, полиция капитаны Молдабекова Зульфия Ергешбаевна қатысты.
Кездесу барысында мамандар жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллинг, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ заң алдындағы жауапкершілік туралы маңызды ақпараттармен бөлісті.
💬 Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың негізі!
Тәртіпті сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі! ВИДЕО
Комментариев нет
Просмотров: 7