«ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ АМАНАТЫ – АНА ТІЛІ» ОНЛАЙН ЧЕЛЛЕНДЖІ
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Ұлт ұстазының аманаты – ана тілі» онлайн челленджі ұйымдастырылады.
Челлендждің басты мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен ұлттық руханиятқа қалдырған мол мұрасын дәріптеу, ана тілінің қадір-қасиетін насихаттау, мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру және ұстаздардың тілге қатысты азаматтық ұстанымын таныту. Ана тілі – ұлттың жаны, ұрпаққа аманат.
Тілді құрметтеу – елді құрметтеу!
Ұлт ұстазының аманатын бірге жалғайық! Осы челленджді Астана қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп - гимназиясына жолдаймыз. ВИДЕО
Комментариев нет
Просмотров: 14